Куди вирушили Жанібек та КерейКуди вирушили Жанібек та Керей

0 Comment

Керей мен Жәнібек қазақтың тұңғыш хандары

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақ жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әбілқайыр (1412 — 1469) — өзбек ханы. Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузырг хан, Хазірет Бузырг хан деп айтыла береді. Шыңғыс ханның 10-ұрпағы (Шыңғыс хан — Жошы хан — Шибан (Шайбан) — Баһадұр — Жошы-Бұқа — Базағұл — Мың-Темір хан — Гулад (Болат) — Ибрахим (Ибрагим) — Дәулет-шайх — Әбілқайыр хан). 1428 ж. 16 жасында Әбілхайырды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Қыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды. Ол 40 жыл билікте болды. Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұд-Қожа ханды талқандады. 30 — 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмед хан мен Махмұд хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (қ. Әбілқайыр хандығы). Әбілқайыр ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Әбілқайыр ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж. Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—69 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке қазақ хандығын құрды (қ. Керей хан, Жәнібек хан). Қазақ хандығының күшейе түсуінен қауіптенген Әбілқайыр хан 1469 ж. Моғолстанға жорық ұйымдастырды. Бұл — оның ең соңғы жорығы еді. Әбілқайыр ханның он бір ұлы болды. Оның ұрпақтары ішінде ең танымал болғаны — немересі Мұхаммед Шайбани хан.

Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Жошы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Ол Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы. 1456–1457 жылдардағы Әбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілхайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда кенеттен қайтыс болды. Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар қазақ хандығының шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.

1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған едi. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428-жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы — шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1428—1468) үстемдік етті. 15-ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдеп, феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті. Ақ Орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен Әз Жәнібек бұл жағдайды өз мақсаттары үшін шебер пайдаланды да, «Әбілхайыр ханның үстемдігiне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналды. Қалың қазақ тайпаларын бағыттап батыс Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Бұлар батыс Жетісуді тіректі мекен ете отырып, қазақ хандығын құрды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телім болып отырған болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр хан өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып, масайрап отырғандығына, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған Қазақ хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Он шақты жыл айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізiп егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат (жүн, тері, т. б.) алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды. Бай аймақтар мен қалаларды қол астына қаратуға феодалдар тіпті де мүдделі еді, әсіресе жаңадан шаңырақ көтерген. Қазақ хандығын саяси-экономикалық база негізінде нығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Сөйтіп жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдына үш үлкен тарихи міндет қойылды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейкесті мүддесі еді.

2. Шығыс пен батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды қазақ хандығына қарату. Бұлар осы өңірдегі саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық берік база болатын.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру, бұлардың ішіндегі маңдайалды маңызды міндет — Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Бұдан бұрынғы тарихта осы Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардыц саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері өркендеген қалалы аудандар мен сауда-саттық жасауға тек даланың әкімдері ғана емес, Дешті-Қыпшақтың шаруалары да ділгір болып отырды.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен — тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ ойрат жоңғарларының тайшасы Амасанжының Моғолстанға ІІІабуыл жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы қазақ хандығына шабуыл жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығаюына және көлемінің кеңеюіне үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, хандық ыдырай бастады: «Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі шиеленістер басталды. Оның (қарамағындағылардың) үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кеттi. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың тап болған ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды, бұрыннан бері Әбілхайырмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары — Ахмет хан мен Махмұд батыс Сібірдің билеушісі Ибақ ханмен, сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып тізе қоса отырып күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңілді және өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханьға барып паналады, Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген шығыс Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. «15-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды». Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық ханның (1480—1511) тұсында да толастаған жоқ. Сырдария бойындағы қалаларды алу үшін қазақ хандығымен таласқан белді бәсекелес Мұхаммед Шайбани еді. Сонымен катар Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да бұл қалаларды қолдарына түсіруге сұқтанды. Бұлардың бәрінің назары — Сырдария жағасындағы стратегиялық маңызы зор шұрайлы қалалы аудандарға арқа сүйей отырып, қазақ даласын басып алу және ондағы халыққа өктемдік жүргізу еді. Бұл қалалар үшін қазақ хандары да қажырлы қайрат жұмсады. Бұл күрестің мән-жайы мынадай болды: Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар өлтірілген соң Астраханьға барып паналаған Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Туркістан аймағына келіп, Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит Тарханға паналады. Ол Мұхаммед Шайбаниды қолдап, қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470-жылы қыста қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі (Иренжі) Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұқараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы екі қала — Созақ қаласы мен Сауран қаласы Қазақ хандығының кұрамына кірді. Екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай ордасының әмірі Мұқса мырзаның көмегіне сүйене отырып, Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді, Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған казақтың біріккен әскерлері Қаратаудағы Соғынылық түбінде Мұхаммед Шайбанидiң әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды, бұл шайқаста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңқыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан қазақ хандығына өтті, бірақ аумалы-төкпелі жағдай үздіксіз өмір сүріп отырды. 15-ғасырдың сексенінші жылдарында Әмір Темір әулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд арасындағы соғыста Мұхаммед Шайбани Моғолстан хандарына болысып, олардың колдауымен тағы да Аркөк, Сығанақ қалаларын басып алды. Қазақ ханы Бұрындық хан қырдан келіп Сығанақ каласып қоршады. Қаланың тұрғындары қазақ әскерлеріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен бұл аймақ Бұрындықтың қолына өтті. Бұдан соң қазақтар Мұхаммед Шайбанидың туысы Махмұд Сұлтан билеген Яса (Түркістан) қаласын қоршауға алды. Қазақтардың біріккен әскери күшінен қорғанған Шайбани әскерлері Аркөк қаласына қырық күн бекінді. Үш жыл бойы қазақтармен соғысқан Мұхаммед Шайбани жеңіліске ұшырады, Бұрындық хан мен Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 1466-жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мәжбүр болды.

Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Әмір Темір әулеті және Моғолстан билеушілері арасындағы тайталаста қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбани арасындағы жауласумен қатар, Әмір Темір әулеті мен Моғолстан билеушілері арасында да арпалыстар асқына түсті. Осындай арпалыстар барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482—1485-жылдары Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Моғолстан билеушілері Әмір Темір әулетіне қарсы жұмсау үшін Мұхаммед Шайбаниды қолдады, ал Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан оларға қарсы қазақ хандығымен одақтасты. Сонымен бұлар екі шекке айырылды. 15-ғасырдың басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алды да, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Мұндағы мақсаты — Мұхаммед Шайбаниды Әмір Темір әулетінен шыққан Ахмет мырзаға қарсы аттандыру еді. Моғолстан ханының қолдауына және Отырар сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Яса (Түркістан) қаласын басып алды.

Қазақ ханы Бұрындық пен Қасым және Жәдік сұлтандар Мұхаммед Мәзит Тарханмен күш біріктіріп, Мұхаммед Шайбаниға қарсы аттанып, Созақ қаласына шеру тартты. Созақтың атақты адамдарының бәрі Бұрындық ханға тілектес және онымен байланысты еді. Сауран қаласының халқы қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мұхаммед Сауранды билеуге қалдырған туыстарын қамап ұстап алды. Бұрындық хан Сауранды қайтарып алған соң Мұхаммед Шайбанидың тиянағы Отырар қаласының қамалын қоршады. Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниды құтқаруға көмек жібергендіктен, қазақтар Отырар қамалын қоршауды тоқтатты. М.Шайбани қазақтармен 30 жыл соғысты. Ол осы соғыстарда бірде Әмір Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді. Бұл Соғыстар Сырдария жағасындағы отырықшы-егінші аудандар мен қалаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 15-ғасырдың ақырында Отырар, Яса (Түркістан), Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлiгі Мұхаммед Шайбаниға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі. Қазақ хандығы шаңырағы көтерілген батыс Жетісудағы иеліктерін және Сырдария бойындағы отырықшы-егіншілік аудандары мен сауда, қолөнер және мәдениет орталығы болған Сығанақ, Созақ, Сауран қалаларын саяси шаруашылық және әскери тірек еткен қазақ хандары Дешті-Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандарыныц билігінің нығаюы Шайбани ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлегімен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500-жылы ондағы Әмір Темір әулегін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар да бірте-бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы (Дешті-Қыпшақ) өзгешеліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көршi тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген өзбек деген атау бiрте-бірте, Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмаған». 15-ғасыр мен 16-ғасырдың өлі арасында (1500-жылы.) Мұхаммед Шайбани (Шайбах) ханның Дешті Қыпшақтан ығысып барып қос өзен аралығын (Мауараннахрды) жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыраңқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау 6-7-ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығында қолданылған «өзбек-қазақ» деген жалпы атау бірі-бірінен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды».

XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос-этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ. Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталды. Яғни, 1465—1466 (1470—1471) жылдары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері —Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.

Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналды. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар.

Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.

Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді. XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.

XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинап және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау – қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер – саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы – Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға – Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы.

Болатұлы Керей хан (1456 -1473 ж.) – қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі. Шайбани әулетінен шыққан Дәулет – шайхтың баласы Әбілқайыр ханның көк кесене төңірегіндегі шайқаста Үз-Темір Тайшы басқарған ойрат әскерінен ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған. Өріс хан әулеті сұлтандарының бас көтеріп, жеке бөлініп шығуына мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланған Өріс ханның ұрпақтары – Болатұлы Керей мен Барақұлы Жәнібек өздеріне қарайтын тайпаларды бастап, Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне кетеді. Онда оларды Моғолстан ханы Есен-бұға аса құрметпен қабылдап, өз мемлекетінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін оларға бөліп береді. Осы арада олар жаңа Қазақ хандығының шаңырағын көтереді. Хан тауында Керейді ақ киізге отырғызып, хан көтереді.

Керей хан немере інісі Жәнібекпен біріге отырып, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктету үшін үлкен еңбек сіңіреді. Моғолстан ханымен бірлесіп, ойрат тайпаларына қарсы күреседі.

1468/69 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болып, оның ордасында таққа талас басталады. Осы тақ таласы Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайта оралып, мұндағы күреске белсене араласуларына мүмкіндік береді. Әбілхайырдың ұлы, ханның мирасқоры Шейх-Хайдардың жеңіліп, жақын адамдарымен бірге қырғын табуы – ұлыстағы бар биліктің Керей ханның қолына көшуіне жағдай жасайды. Осы кезден бастап Қазақ хандығы іргелі мемлекетке айналуға бет алды.

Керей ханның есімі 1472-1473 жылдардың тарихи деректерінде Бұрыш оғылан деген сұлтанның Моғолстан ханы Жүністің ордасына жасаған шабуылына байланысты соңғы рет аталады, содан кейін еш жерде кездеспейді. Сондықтан оның қашан және қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтау қиын. Тек кейінгі оқиғалардың даму барысына қарағанда, ол сол 1473 жылдың оқиғаларынан кейін көп ұзамай қайтыс болған секілді.

Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) – қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. “Таурих – и гузида -ий Нусратнама” (1268-1270) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан – Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы. 1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы – Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді.

Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарих – и – Рашиди” атты еңбегінде былай дейді: “Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады…” Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет “Қазақстан” деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті. Алайда жаңадан құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып отырған болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр хан өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып, масайрап отырғандығына, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған қазақ хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Оншақты жыл айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат (жүн, тері, т.б.) алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік одақ ойрат жоңғарларының тайшасы Амасанжының Моғолстанға шабуыл жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы қазақ хандығына шабуыл жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті. 1468 жылы қыста Әбілхайыр хан қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығаюына және көлемінің кеңеюіне үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, хандық ыдырай бастады. “Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті”. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан он екі жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті-Қыпшаққа қайта оралды.

Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады. Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.

Жәнібек хан – қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі.

Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.

XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.

1457-1458 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған.

Керей ханнан соң 1465-1466 жылдан 1470 жылдардың басына дейін қазақ хандығының екінші ханы болған.

Жәнібек ханның есімі «Хандар шежіресінде» және Қазақ хандығының құрылуына байланысты кездеседі.

1428 жылы әкесі Барақ хан (Ақ Орда ханы) өлген соң, Дешті Қыпшақтағы саяси билік Әбілқайыр ханға көшеді.

1457 жылдың жаздың соңында Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға көшеді.

Көшуге тарихи аңыз бойынша, Қобыланды батыр мен Ақжол би арасындағы дау-жанжал себеп болған.

Жазба деректер мәліметі бойынша, Керей мен Жәнібектің қалмақтарға қарсы әскер жию туралы Әбілқайыр ханның жарлығына құлақ аспауы және 1457 жылғы жеңілістен кейінгі қалыптасқан жағдай, яғни екі сұлтанға Әбілқайыр хан тарапынан қауіп-қатердің төнуі Орыс хан ұрпақтарын өз ұлыстарымен бірге көшпелі өзбектер мемлекетінен кетуге мәжбүр етеді.

1457 жылы күз айының соңында көшіп келген екі сұлтан ұлыстары Шудың төменгі бойында қыстап шығып, 1458 жылдың ерте көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды.

1465-1466 жылдары Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хандық билікке келеді.

Бұрындық ханның билік құрған жылдарын есептемегенде, Қазақ хандығының билігі осы кезден бастап Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді.

Сол себепті болуы керек, 1541-1546 жылдары жазылған «Тарих-и Рашидиде» қазақ сұлтандарының билік ете бастауы 870 жылдан (1465-1466 ж) басталады делінеді.

Қазақ тарихында Жәнібек хан Қазақ хандығының құрылу үрдісіне толық қатынасып, басшылық еткен тарихи тұлға.

1469 жылға дейін Қазақ хандығының халқы Әбілқайыр ханның қарсыластары есебінен өсе түседі. 1463 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болған соң, көшпелі өзбектер мемлекетіне Сібірден Ибақ хан, Алтын Ордадан Ахмет хан, Ноғай ордасынан Мұса мен Жаңбыршы билер, Хорезмнен Береке сұлтан, ал Қазақ хандығынан Жәнібек хан қарсы шығады.

1470 жылдың басында Шайх-Хайдар хан өлтірілген соң, көшпелі өзбектер мемлекеті толығымен күйреп, Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде Жәнібек хан басқарған Қазақ хандығының билігі орнайды.

Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.

XV ғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады.

Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді.

Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған.

Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады.

Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп те атаған. Жәнібек хан тұсында Қазақ хандығы жеке ел болды.

Оның артында тоғыз ұлы қалды.

Олар: Иренші, Махмұт, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Таныш, Әсік және Жадық.

Бұлардың ішінде Қасым мен Әдіктің ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы рөлі өте зор болды.

ХҮІ ғасырдың соңынан ХІХ ғасырға дейінгі барлық қазақ хандары Жәнібек ханның ұлы Жадық сұлтаннан тарайды.

2010 жылы 1- маусымда Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіштері ашылды.

Елбасы ХV ғасырдың екінші жартысында біздің ата-бабаларымыз Керей мен Жәнібектің туы астына топтасып, дербес мемлекет – Қазақ хандығын құрғандығын атап өтті.

«Нақ сол кезде тарих сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағына береді. Біз өз тарихымызда Керей мен Жәнібектің қазақ мемлекеттігінің негізін қалауға қосқан үлестерін ерекше бағалаймыз. Бұл үшін символдық ерекше мәні бар орын таңдалды. Осы жерде 1997 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа астанасы орнықты», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандар ескерткіші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен орнатылды.

Ескерткіштің жалпы биіктігі — 12 метр, салмағы – 16,2 тонна. Жобаның авторы — астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов. Ескерткіш ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайы алдындағы саябақта орнатылды.

Бүгінде Елордада Керей мен Жәнібек хандар ескерткішімен қоса, Есілдің сол жағалуында екі ханның есімін иеленген үлкен көшелер бар екендігін де көпшіліктің есіне салғымыз келеді.

Керей и Жанибек — основатели Казахского ханства

В XV веке на землях Западного Семиречья возникло государственное объединение — Казахское ханство. У истоков протодержавы стояли два выдающихся человека — Керей и Жанибек. Что говорят о них историки, какие загадки таятся в их биографиях? Изучим факты, чтобы узнать больше об этих выдающихся личностях.

Керей хан — первый казахский хан

Общеизвестен факт: в 1465 году два султана Жанибек и Керей восстали против Абулхаира — правителя Белой Орды. Они отделились от него и увели с собой в западные степи Монголистана часть узбеков — приблизительно 200 тысяч человек. За переселенцами сначала закрепилось название «узбеки-қазақи», а потом — «қазақи» или «казахи».

Это значительное количество кочевников заняло территорию Западного Семиречья. Однако ханы казахского ханства — Керей и Жанибек, воспользовавшись ослаблением власти, а позднее и смертью Абулхаира, на протяжении 1465–1468 гг. постепенно расширили территорию влияния. Они захватили регионы Присырдарьи и Каратау. Это было время образования Казахского ханства.

Эти ханы по праву считаются основателями Казахского ханства. Но кто же из них на самом деле правил державой, как они разделили власть?

Оба султана имели право возглавить политическое объединение казахов, потому что были троюродными братьями и внуками Урус-хана, ведшего свой род от 13-го сына Джучи Тука-Тимура. По другой версии историков, они были потомками Орда-Эджена из рода Жошы-хана.

Как бы то ни было, но оба имели равные возможности стать правителями нового государственного объединения. Когда речь заходит о передаче или наследовании власти, то возникают конфликты и междоусобицы. В решении этого вопроса казахские ханы достигли взаимопонимания. По мусульманской традиции трон достался старшему из них — первым казахским ханом стал Керей.

Что известно об этом легендарном государственном деятеле? На то, что он был мусульманином, указывает его имя — Ахмет. На арабском оно означает ‘достойный похвалы’, ‘тот, кто постоянно благодарит Бога’.

Керей-хан — единственный сын Пулад-хана — правителя Золотой Орды. Эти сведения поданы в одном из анонимных источников — «Таварих-и гузида-йи нусрат-наме». Согласно китайским летописям, Керей был одним из эмиров Монголистана. Жил он в местности Илибали — возле реки Или. В 1443 году правил богатым торговым городом Сайрам. Керей имел трех сыновей, которых звали Бурундык, Ходжа Мухаммад и Султан-Али.

Во многих исторических источниках утверждается, что Керей разделил власть с Жанибеком. Как же было на самом деле?

Когда в 1468 году Абулхаир умер, а вскоре его наследника и правителя Белой Орды Шейх-Хайдара убил потомок Шибанидов сибирский хан Ибак, власть в восточном Деште перешла к Керею.

Именно в это время, в 1470 году, как утверждает известный исследователь средних веков Т. Султанов, происходит образование Казахского ханства. Казахские ханы вернулись в Узбекский улус и фактически захватили там власть, существенно расширив территории кочевий казахов. Хан Керей разделил власть с Жанибеком, отдав ему в правление западные регионы.

Керей правил казахским государством до самой смерти в 1473 году. Власть перешла к его старшему сыну — Бурундыку.